18
мамыр
2023
Бакберова Сабира Сейткалиевна
Бакберова Сабира Сейткалиевна 26.09.1963жылы Талдықорған облысы,Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылында туылған.1978 жылы Панфилов педагогикалық училищесінің мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешісі бөліміне түсіп,1982 жылы бітірді.
1984-1989 жылдар аралығында І.Ж.атындағы Талдықорған педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі педагогика және психология »бөлімін бітірді.Еңбек жолын 1982 жылдан Алматы қаласындағы № 276 балалар бақшасында тәрбиеші болып бастады.
2000-2013 жылдары Алматы облысының білім басқармасы
« Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп- интернаты» үйінде аға тәрбиеші болып еңбек етті.
2013 жылы Жаркент қаласындағы
45 орынды Сауықтыру- санаторлық балабақшасына меңгеруші болып тағайындалды.